Өте мейірімді, қамқор, жылы жүзді, ақкөңіл дәрігер. Өз ісінің білікті маманы. Отадан бұрын да, отадан кейін де әрдайым қ...олдау көрсетіп, жағдайымды сұрап жүрді Петропавл қаласынан арнайы келіп, осы көпсалалы медицина орталығында отаны жасатуға келген едім. Ота 13 Мамыр 2025 жылы жасалды, өте жақсы өтті Құдайға шүкір, бұл сіздің арқаңызда деп білемін. Қарабаев Қазыбек Сапарғалиұлына алғысым шексіз❤️ Жұмысыңыз алға баса берсін, сізге бар жақсылықты тілеймінОсындай дәрігерлер көбейе берсін, Әумин
Сондай-ақ, Хирургия 1 бөлімінің меңгерушісі Ерхан Сайлаубекұлына өте риза болдым. "Қалайсың, қызым?" деп күнде жағдайымды сұрап жүрді, өте мейірімді кісі. Және де анестезиолог Рауан Қыдырәліұлына, Қарабаев Қазыбек Сапарғалиұлының ассистенті Айжан Асқарбекқызына, медбикелер мен басқа жұмыскерлерге де рахмет айтқым келеді, жақсы қарым-қатынас көрсеткендеріне, сыпайылық пен мейірімділік танытқандарына тәнті болдым! Жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Накипбаева Назерке
Өз ісінің маманы әрдайым жылы жауап береді мейірімді алғысым шексіз
Айқын Үміт
Мусабеков Бейбит Амантаевич – алтын жүректі, нағыз кәсіби онколог. Қазір анам Акпарғали Ғалияны емдеп жатыр, әр қабылдау...ында сабырмен, жанашырлықпен қарап, бізге үлкен үміт пен сенім сыйлайды. Емдеу процесін барынша түсінікті етіп түсіндіріп, әрбір сәтте қолдау көрсетеді. Осындай қиын кезеңде жанымызға демеу болғаны үшін шексіз алғыс айтамыз. Мұндай мамандар көбейе берсін!